Кремль Молдовада мемлекеттік төңкеріс әзірлеуге мүдделі болып отыр
КИШИНЕВ. 13 ақпан. Молдова президенті Майя Санду штаттық киім киген ресейлік диверсанттардың Бессарабия жеріне келіп, іске кірісіп кеткенін растады. Бұл туралы Newsmaker хабарлады.
Молдован лидері украин тарапынан Кремльдің Молдовадағы жағдайды тұрақсыздандыру арқылы елде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру жөніндегі жоспарын алғанын мойындады. Мәскеу өзінің бұл қанқұйлы зұлым жоспарын жүзеге асыру үшін оған елдің сыртынан – Ресейден, Беларусьтен және Балкан бойынан диверсанттарды тартып, күштік әрекеттер дайындамақшы болған.
Мемлекет басшысы бұл жайында арнайы брифингте айтып берді.
«Бұл өзі қысқа мерзімдік жоспар болған. Оған сәйкес, азаматтық киім киіп алған бөтен адамдардың әскерилерді қатарларына тарта отырып, диверсия жасауы қарастырылған. Мұның ақырында олар күш қолдану жолымен бірқатар мемлекеттік мекемелерді басып алып, кепілдіктер алуға тиіс болған.
Киев жеткізген құжаттарды мұқият тексеріп шығуға тура келеді.
Санду сондай-ақ Кишиневте бейбіт наразылық көрсету арқылы билікті басып алуды жоспары болғанын айтты.
Президент қазір Молдованың күштік құрылымдары бұл арандатушылықтың алдын алу жолында әрекет етіп жатқанын әңгімеледі.
Бұған дейін украин тарапы шынында Ресейдің осындай жоспары бар екенін жариялаған болатын. Украина қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің хатшысы Олексий Данилов «РФ Молдовада жаңа мемлекеттік төңкеріс дайындап жатыр, оны «шешендер тобы» жүзеге асырады» деген еді.
Оның айтуынша, диверсиялық әрекеттер Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл толатын 24 ақпан күні басталмақшы.