25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленьский жемқорлық дауынан соң төрт тұлғаны қызметтен алды

24 Қаңтар 2023 21:20
- Жаңалықтар, Құқық
Зеленьский жемқорлық дауынан соң төрт тұлғаны қызметтен алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 қаңтар. Украина президенті Володимир Зеленьский жемқорлық жанжалына ұшыраған төрт лауазымды тұлғаны қызметтерінен босатты. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

«Украина президенті Володимир Зеленьский биліктегі жемқорлық жайлы журналистік зерттеулер жарияланымдарынан соң бірден төрт жоғары лауазымды шенеунікті отставкаға жіберді», – делінген хабарламада.

Президент офисі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко өз өтініші бойынша орнынан кетті. Ол соғыс барысында Ресей қиратқан территорияларды қалпына келтіруге жауап беретін еді. Ал соғысқа дейін «Үлкен құрылыс» бағдарламасына бақылау жасады.

Жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі ұлттық агенттік желтоқсанда Тимошенкоға қарсы тексеріс бастады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында шенеуніктің ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде $100 мыңға соңғы модельдегі Porsche Taycan көлігін сатып алғаны хақында зерттеу мақаласы жарияланғаннан кейін қолға алынды. Бұдан бөлек, Тимошенконың гуманитарлық қажеттілік үшін General Motors компаниясы сыйға тартқан Chevrolet Tahoe деген жолсыз жердің көлігін де өзі алып қойғаны жайлы ақпар тарады. Журналистер сондай-ақ Тимошенконың Киевтегі элиталық кенттердің бірінде аумағы 1200 шаршы метрлік имениеде тұратынын да анықтады, ал Жаңа жыл дастарханында оның үстелінде құны 2 мың евроға жақын тұратын тарелкелер болған.

Тимошенконың соңынан Украина Қорғаныс министрінің армияны материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға жауап беретін орынбасары Вячеслав Шаповалов та өз арызы бойынша қызметінен қуылды. Журналистік зерттеулер Қорғаныс министрлігінің әскерилер үшін сатып алып жүрген азық-түліктері бағаларының көтерме саудадағыдан екі-үш есеге көп екеніне көз жеткізген болып шықты. «Айтылып отырған айыптаулар негізсіз және дәлелсіз», – деп мәлімдеді әскери ведомостводағылар. Алайда, Шаповалов «тағам қызметін сатып алуға байланысты айыптаулар нәтижесінде Украина Қарулы күштерін тұрақты қамтамасыз етуге қауіп төнбеуі үшін» қызметінен кетуге ұйғарым жасады. Министрліктегілер оның шешімін «еуропалық және демократиялық саясат дәстүрлеріне лайықты әрекет» деп бағалады.

Отставкаға бас прокурордың орынбасары Олексий Симоненко да жіберілді. Президент кеңсесіндегілер оның өз еркімен қызметінен кеткенін баяндады. Бұдан алдын «Украинская правда» Симоненконың Жаңа жылда львовтық кәсіпкер әрі депутат Григорий Козловскийдің испандық «Мербель» көлігімен жүргенін жазған еді.

Ақырында Украинаның Қауымдастықты және территорияны дамыту министрінің орынбасары Иван Лукерь де қызметтен кету туралы өтініш жазыпты. Ол Тимошенко сияқты «Үлкен құрылыс» жобасын бақылауда ұстап, өңірлермен жұмыс жасасып келген еді. Айтуынша, жылдың басында-ақ Үкіметтен кетуге шешім қабылдап қойған екен, бірақ мұнысы елдегі «саяси және бюрократтық жағдайларға байланысты» Украина Министрлер кабинетінде отставкалар легі жүріп жатқан кезге сәйкес келіп қалған.

Зеленьский сондай-ақ кадрлық ауыс-түйістер шеңберінде бес облыстың басшыларын отставкаға жіберді. Олардың қатарында Днепропетр облысының әкімі Валентин Резниченко, Запорожье облысының әкімі Олександр Старуха, Киев облысының әкімі Олексий Кулеба, Сумы облысының әкімі Дмитро Живицкий және Херсон облысының әкімі Ярослав Янушевич бар.

Осының алдында Зеленьский өзінің күнделікті кешкілік жасайтын кезекті үндеуінде Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі билік өкілдерінің шетелдерге барып демалуға тыйым салатын шешім қабылдағыны жайлы мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ «министрліктер мен басқа да орталық билік құрылымдары және өңірлер мен құқық қорғау жүйесі деңгейіндегі әртүрлі басшыларға қатысты кадрлық шешімдер болатыны» хақында ескертіп өткен еді.

Суретте: Кирилл Тимошенко

Таңбалар: кадрөзгерістерУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist