Әзербайжан Қазақстанның Украинадағы консулы болды
БАКУ. 16 ақпан. Украинаның ұлты әзербайжан азаматы Эмин Наджафли Муса оглы Қазақстанның Харьков, Полтава және Сумы облыстарындағы құрметті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Әзербайжанның Oxy.az сайты хабарлады.
Харьковте консулдықтың ашылуына байланысты өткен салтанатта Эмин Наджафлидің өзі, Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев, Харьков облыстық кеңесінің басшысы Сергей Чернов және Әзербайжанның Украинадағы елшісі Ахер Худиев сөз сөйледі.
«Мен Харьковте құрметті консулдық ашылғанына және Украинаның шығыс аймағында Эмин Наджафли секілді құрметке лайықты адамның Қазақстан Республикасының құрметті елшісі болғанына қуаныштымын», – деді Самат Ордабаев.
Мұндай жылы лебіздерді қалған сөйлеушілер де білдірді.
Атап өтейік, Эмин Наджафли 1977 жылы 7 мамырда Әзербайжанның Агджабеди қаласында туған.