Ғалымдар обырды тоқтататын тағамдарды атады
МӘСКЕУ. 15 ақпан. АҚШ-тың «Sanford Burnham Prebys» ғылыми-зерттеу институты обыр індетінің дамуын тоқтататын азық-түліктерді атады. Бұл туралы «Мир 24» телеарнасы хабарлады.
Институт ғалымдары ұзақ уақыт зерттеу жүргізіп, қатерлі ісіктерді пребиотиктердің көмегімен тоқтатуға болады деген тұжырымға келген. Олар мұндай өсімдіктерге сарымсақты, порей пиязын және бананды жатқызған.
Зерттеушілер алдымен азық-түліктердің зертхана тышқандарына қалай әсер ететінін бақылапты. Қатерлі ауруға шалдыққан кеміргіштердің бәрін олар пребиотикке тұндырылған сумен суарып тұрған. Сонда ғалымдар бұл дәрінің иммунитетті күшейтіп, ішектерге жақсы әсер ететініне көз жеткізіпті. Ауру өзінің дамуын осылай тоқтатыпты.
«Зерттеулер пребиотиктердің ісіктің өсуін тоқтатынын көрсетті, бірақ осы кезге дейін оның ненің көмегімен жасайтынын анықтай алмай отырмыз. Біз бірінші рет пребиотиктер ісікке қарсы иммунитетті күшейтіп, обырдың жолын кесетінін дәлелдеп шықтық», – деді зерттеу авторы доктор Зеев Ронаи.