Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Жапония АҚШ-тан 1,6 млрд долларға қанатты ракеталар сатып алады

ТОКИО. 25 желтоқсан. Жапония билігі қорғаныс қабілетін арттыру мақсатында АҚШ-та 1,6 млрд долларға қанатты ракеталар сатып алатын болды.Бұл туралы Japan Today хабарлады.

Ресей агрессиясының күшейіп бара жатқанына алаңдаған Жапония үкіметі алдағы жылы өзінің қорғанысқа арналған шығындары көлемін 20 пайызға ұлғайтуға шешім қабылдады. Токионың мұндағы сүбелі жаңалығы АҚШ-та шығарылатын Tomahawk қанатты ракеталары мен алыс қашықтыққа, мысалы, Қытай мен КХДР-дағы нысаналарға дөп тиетін басқа да зымырандарды алу болмақ.

«Жапония 2023 жылы 1,6 млрд долларға Tomahawk ракеталарын сатып алады. Премьер-министр Фумио Кисида бекіткен қорғаныс бюджеті жаңа стратегияға сәйкес үкіметтің жедел қарулану жөніндегі шешімталдығын танытады», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Жапония Құрама Штаттарға «Томагавктерді» ұшыру үшін керекті бағдарламалар мен басқа да қару-жарақтарға 800 млн доллар ақша төлейді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button