25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Оккупант күйеуін зорлық жасауға шақырған әйелге іздеу жарияланды

24 Желтоқсан 2022 19:32
- Жаңалықтар, Құқық
Оккупант күйеуін зорлық жасауға шақырған әйелге іздеу жарияланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 желтоқсан. Украина қауіпсіздік қызметі оккупант күйеуіне украин әйелдерін зорлауға тапсырма берген ресейлік әйелге халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Украина қауіпсіздік қызметі украинның бейбіт қыз-келіншектеріне қатысты зорлық пен зомбылық әрекеттерін қоздыруға күш салған ресейлік әйелдің қылмысын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар жинап қойды. Қаскөйдің аты-жөні Ольга Быковская екен, ол жау басып алған Қырым түбегінде тұратын Ресей азаматы болып шықты.

Ресейдің оккупациялық армиясы украин жеріне кең ауқымды көлемде шабуыл жасап, Херсон облысына уақытша басып кірген кезде бұл әйел сондағы өзі секілді қыз-келіншектерді аямай зорлау жөнінде ұран тастайды. Ол өзінің мұндай «ұсынысын» оккупациялық армия құрамында соғысып жүрген күйеуімен телефон арқылы сөйлесу барысында ашықтан ашық білдіреді.

Кезінде осы аудиожазба әлеуметтік желіге кеңінен тараған. Сонда әйел күйеуіне: «Онда жолыңда кездескен әйелдерді аяма, зорла бәрін» дейді. Ол күйеуінің: «Сен мені қызғанбайсың ба?» деген сұрағына бірден: «Жоқ. Тек ауру жұқтырып келмесең болды» жеп жауап қайтарады.

Украина қауіпсіздік қызметі жедел-тергеу әрекеттері нәтижесінде сол жазбаны қолға түсіріп, қылмыстық әрекетті тіркеп, ондағы фигуранттардың кімдер екенін анықтауға кіріседі. Жиналған айғақтың базаның негізінде қылмыстық іс қозғалады. Ол Украина Қылмыстық кодексі 438-бабының 1-тармағы бойынша (соғыс заңдары мен салт-дәстүрлерін бұзу) айыпталады.

Көп ұзамай әйелдің де, оның күйеуінің де кімдер екені анықталады.

Қазіргі таңда фигурант әйелге мемлекеттік және халықаралық іздеу жарияланып отыр.

Санкцияда 12 жылға дейін түрмеде отыру жазасы қарастырылған.

Таңбалар: әйелдерзорлықОльга Быковскаясоғыс

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist