Кремль енді балалар бақшаларына «пропаганда» енгізуге бағыт ұстады
МӘСКЕУ. 13 желтоқсан. Ресей билігі мемлекеттік идеология мен насихатты балалар бақшаларындағы сәбилерден бастатуды қолға алғалы отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Кремль Украинадағы соғыс созыла түскен сайын «пропагандасы» ауқымына ілігуге тиіс мөлшердегі жеткіншектердің жастары деңгейін біртіндеп төмендетіп келе жатыр. Бұған қазір жас толқын арасында мемлекеттік телеарна контентін тұтынатындар қатары азайып келе жатқаны да себеп болуда.
«Қазіргі жүріп жатқан негізгі соғыс – бұл ақыл-ой арасындағы соғыс. – деп мәлімдеді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Кириенко. – Біздің бәріміз бұл соғыста арнайы жасақ өкілдеріміз».
Министрліктердің қоғаммен байланыс жөніндегі шенеуніктерімен өткен жабық семинарда Кириенко бұл ретте ең алдымен мектептерді және балалар бақшаларын «ақпараттық соғысқа» осы бастан дайындай беру керек екенін айтты.
«Ойлаңыздар, біздің елімізде қазір 18 миллион мектеп оқушысы бар екен. Бұларға енді олардың ата-аналарын қосыңыздар. Сонда қанша болады? Бұлар деген үлкен күш қой!», – деді ол.
Кириенко Украинадағы ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін де «ақпараттық соғыстың» тоқталмайтынын сөз етті. Ол бұдан кейін «барлығын қамтитын сала» болмақшы.
Кремль Путин билікке келген кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауда ұстауды күшейтті. Ол соғыс басталғалы бері тіпті күшейіп кетті. Қазір елді еркін ойлы бірде-бір баспасөз қалған жоқ.
Егер биыл елде соғыс насихатын жүргізу үшін баспасөзге 6,47 млрд рубль бөлінген болса, ол келер жылы 29,7 млрд рубльге көбейгелі отыр. Ал 2024 жылы 44,32 млрд рубльге жеткізіледі.