Путин соңғы 10 жылда бірінші рет баспасөз мәслихатын өткізбейтін болды
МӘСКЕУ. 12 желтоқсан. Ресей президенті жыл сайын өткізіп келген дәстүрлі баспасөз мәслихатынан соңғы он жылдан бері биыл бірінші рет бас тартып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Ресей президенті Владимир Путин биылғы жылы Үлкен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарластырып отырған жоқ», – деп баяндады оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Алайда Путин өтпей қалатын баспасөз мәслихатының орнына Кремль пулындағы жеке «пропагандистерімен» – телеарналардағы саяси хабарлар жасайтын өз бақпанындағы асыранды жеке журналистерімен оңаша сөйлесетін сияқты.
Биылғы қараша айында Ресей БАҚ-тары жылдың соңына баспасөз мәслихаты дайындалып жатпағанын жазды. Бұқаралық ақпарат құралдары атап өткендей, бұған «майдандағы ахуал» бірден-бір себепкер болып отыр.
Еске сала кетейік, Путин 2012 жылдан бастап қорытынды баспасөз мәслихатын желтоқсан айында өткізіп келген болатын. Сол он жылдық дәстүр биыл үзілгелі тұр.