26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы Тите қызметінен кетті

10 Желтоқсан 2022 19:14
- Жаңалықтар, Сайыс
Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы Тите қызметінен кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ДОХА. 10 желтоқсан. Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты кезінде Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы Тите қызметінен алынды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Бұған пентакампеондардың 1/4 финалда жарыс жолынан шығып қалғаны нақты себеп болды. Кеше кешке Хорватия құрамасымен ұшырасқан бразилиялықтар қарсыластарына ойыннан кейінгі пенальтилерде 2:4 есебімен есе жіберіп қойды. Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады. Ал овер-таймда әлемнің бес дүркін чемпиондары бірінші болып есеп ашты (Неймар, 105+1). Осыдан кейін жеңіс қолдарында тұрғандай сезінген олар қорғанысқа онша мән бере қоймады. Сосын мұның жазасын қосымша тайм аяқталуға үш минут қалғанда тартты (Бруно Петкович, 117). Мұның ақыры пенальтилер сериясына алып барды.

Бұл жекпе-жекте осының алдында Жапония құрамасымен өткен 1/8 финалдық матчтан соңғы пенальтилер шайқасында да жолы болып кеткен хорваттар мергендік танытты. Сөйтіп, ойын барысында басымдық көрсете алмаған «шахмат шаршылылар» тағы сәттіліктің селебесін суырып алды.

Тите Бразилия құрамасын 2016 жылдан бері, тізгінді Дунганың қолынан алған уақыттан бастап басқарып келді. Құрама оның тұсында, 2019 жылы Америка кубогын жеңіп алды.

Осымен, Тите басқарған «селесао» екінші рет әлем біріншілігінің ширек финалынан шыға алмай қалып отыр. Мұның алдындағы мундиальда сары-жасыл түсті жейделі футболшылар ұжымы 1/4 финалда Бельгия құрамасына жол беріп қойып еді.

Бұдан кейін 10 желтоқсанға қараған түнде Нидерланд және Аргентина құрамалары жартылай финалға шығу жолында шайқасты. Матчтың 35-минутында Науэль Молина есеп ашып, аргентиналықтарды алға шығарды. Ол Лионель Мессидің берген добын голға айналдыра білді. Кездесудің екінші таймында Мессидің өзі пенальтиден гол салып (73), таблодағы есепті 2:0-ге жеткізді. Осы арқылы Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионатында соққан голдарының саны жөнінен Габриэль Батистутамен теңесті.

Бір қызығы, кездесуде қарсыластарынан едәуір нашар ойнап жүрген нидерландтықтар негізгі уақыт біткенше есепті теңестіріп үлгерді. Осы екі голды да алаңға кейін шыққан Ваутер Вегхорст (83, 90+11) түсірді. Бұдан соңғы овер-тайм кімнің күшті екенін анықтап бере алмады. Сондықтан бұл матчтың соңында да пенальтилерге кезек берілді. Онда 4:3 есебімен басым түскен аргентиналықтардың бағы жанды.

Осылайша жартылай финалдық кездесудің бірінші жұбы анықталды. Ол 14 желтоқсанға қараған түні сағат 01:00-де Хорватия – Аргентина құрамалары арасында өтеді.

Бүгін сағат 21:00-де Марокко – Португалия, ал 01:00-де Франция – Англия арасында 1/4 финалдың соңғы жұптары арасында матчтар ойналады. Осы текетірестерде жеңіске жеткен құрамалар жартылай финалдық екінші жұпты құрайды.

Таңбалар: бас жаттықтырушыБразилия құрамасыТите

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

22.06.2026
Фабио Канноваро Өзбекстан құрамасының жаңа бас бапкері болды
Жаңалықтар

Фабио Канноваро Өзбекстан құрамасының жаңа бас бапкері болды

06.10.2025
Футбол: Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Жаңалықтар

Футбол: Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

27.01.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist