Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды
ТАРАЗ. 9 ақпан. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жергілікті штабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Шешім 2020 жылғы 8 ақпаннан күшіне енді.
Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес, Жамбыл облысының Қордай ауданы территориясында жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Ол 2020 жылдың 8 ақпанында сағат 21:00-ден басталды.