25 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Антальялықтар орыстардың жаппай үй сатып алуларына қарсы шықты

26 Қараша 2022 13:43
- Әлеумет, Жаңалықтар
Антальялықтар орыстардың жаппай үй сатып алуларына қарсы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКАРА. 26 қараша. Түркиядағы Анталья тұрғындары ресейліктердің өз қалаларынан жаппай жылжымайтын мүліктер сатып алып жатқандарына шу шығарды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Қазір антальялықтар биліктен ресейліктерге жылжымайтын мүліктерді жалға беруге және сатуға тыйым салуды талап етіп отыр. Осыған орай Түркия азаматтары Change.org платформасында арнайы петиция ұйымдастырды. Екі күн ішінде 9 486 адам тыйым салуды қолдаған. Петицияға Forbes те назар аударды.

Петиция авторлары шетелдіктердің ағылып келіп жатуы салдарынан соңғы екі жылда елдегі жылжымайтын мүліктер бағасы Түркия азаматтарының жылдық орташа табысынан 5 есеге жуық өсіп кеткенін алға тартады. Жалға берілетін үйлер бағаларының бұлайша күрт өсе түсуі жылжымайтын мүлік саласына да, демография саласына да дағдарыс әкелуде. Мысалы, қазір Антальяда тұратын жұртшылықтың 25 пайызын шетелден келгендер құрап отыр.

Сол сияқты рынокта да ресейлік және украиналық риэлторлар басым күш алып тұр, деп жазады петиция авторлары. «Иммиграция толқыны фонында көбейген украиндар мен ресейліктердің Антальядағы тіркелмеген жылжымайтын мүліктер рыногына қатысушылары саны 10 мыңға дейін жетті. Осы адамдар WhatsApp-та өздерінің жүздеген адамдардан тұратын топтарын ашып алып, рыноктағы жұмыс тәртібін бұзып отыр. Олардың тәжірибелері жоқ, бірақ келе сала, ұзамай Антальядағы жылжымайтын мүліктер нарығына бақылау жүргізе бастады», – делінген онда.

Түріктің Hurriet Daily News басылымы сондай-ақ ресейлік және украиналық риэлторлардың жылжымайтын мүліктер нарығындағы ахуалды күрт өзгертіп жібергенін жазды. Олар онсыз да қымбат үйлер бағаларын одан әрі көтеріп жіберіп жатыр, ал саны жағынан түрік агенттіктерінен де аса бастады. .

Түркияда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қазан айына дейін 24 есеге өскен. Биылғы қаңтардан бері Антальяға 11 млн адам келіп-кеткен. Агенттік жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйене отырып, қалаға күн сайын 15-20 мың ресейліктің келетінін баяндады.

Таңбалар: Антальябағапетицияресейліктер

Ұқсас мақалалар

Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады
Жаңалықтар

Хаби Алонсо «Челсидегі» бірінші матчында дебюттік гол соққан Дастанды мақтады

29.07.2026
Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды
Жаңалықтар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды

13.07.2026
Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді
Дәулет

Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

08.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist