17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Таразда ресейлік маманның өктемшілігі жұрт ашу-ызасын туғызды (видео)

24 Қараша 2022 16:24
- Жаңалықтар, Оқиға
Таразда ресейлік маманның өктемшілігі жұрт ашу-ызасын туғызды (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 24 қараша. Кеше Тараз қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» қызметкерлерінің жаппай наразылығы орын алды. Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.

Жергілікті мәнбенің ақпарына сай, инженерлің құрамның қызметкері – Ресей азаматы жұмысшылардың арына тиетін сөз айтып сөгіп, олардың ашу-ызасын бірден бұрқ еткізген.

Оқиға 23 қараша, сәрсенбі күні Жаңа Жамбыл фосфор зауытында тіркелген. Қолдағы мәліметке қарағанда, сол кезде қызметкерлерді зауыт территориясына кіргізетін магнитті рұқсатнама жасайтын жүйе істен шыққан. Осының салдарынан кірер жерде жұрттың шоғыры жиналып қалған. Сол уақытта сандық технология басқармасының жетекшісі, ресейлік маман Олег Куликов топырлаған адамдарды көріп, оларды «малдар» («бараны») деп сөккен.

Тағы бір мәлімет бойынша, ол мұны бөлімше басшыларымен өткізіп жатқан жиына кезінде айтқан. Сосын осыны естіп қалғандардың бірі болған жайтты жұмысшыларға жеткізген.

Осыдан кейін жұмысшылар зауыт ғимараты алдына тез жинала қалып, инженерден өздерінен кешірім сұрауды талап еткен. Ал Тараздың Instagram-жағы пабликтері мен жергілікті месенджерлер бойынша осы оқыс оқиғаның видеолары шұғыл тарай бастады. Видеоларда наразылық толқынына қатысып жатқан жұмысшылардың саны жүздеген адамға жететіні байқалады. Оқиға орнына полицейлер келген, мұнда прокурорлар да болған. Видеодан сондай-ақ Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров көрінеді.

Видеолардың бірінен жұмысшылар тобының ортасында келе жатқан бір ер кісіні сырттан келіп тұра ұмтылған тағы бір кісінің беттен ұрғанын да көруге болады.

Кейін әлеуметтік желілерде бетін орамалмен бүркеп алған бір адамның полицейлердің қоршауында келе жатқаны түсірілген видео пайда болды. Ол сәлден кейін қолына микрофон алып, жиналған жұрттан кешірім сұрады.

– Егер әлдекімді ерікті түрде не еріксіз ренжітіп алған болсам, мен өзімді кешіруді сұраймын. Кешіріңіздер, мен сіздердің көздеріңізге екі көзіммен бірдей қарай алмаймын. Маған сіздермен жұмыс жасасу жағымды болды. Мен болған оқиғаға қарамастан, сіздерді ылғи жақсы жағынан ойлайтын боламын. Мені кешіріңіздер.

Осы сөздерден кейін Куликов полицейлердің қоршауында әкетілді.

Әлдекім сөз алып, жиналғандарды жұмыс орындарына баруға шақырды.

Мәнбенің мәліметінше, басқарма бастағы бүгін шұғыл берілген бұйрыққа сәйкес жұмыстан шығарылған.

Тараздағы «Қазфосфат» зауытында орын алған бұл оқиға әлеуметтік желіні пайдаланушыларды да бейтарап қалдыра алмады. Онда аталмыш зауыттың Қазақстан Парламенті сенатының бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллиннің ұлы Нұрхан Нұрлановтың жеке меншігіндегі нысан екені де айтылып жатыр. Зауыт қожайындары кәсіпорынды басқаруға кіл ресейлік мамандарды әкелген көрінеді. Жұртшылық осыған да нарызылық білдіріп, қазақ жерінің байлығы болып табылатын зауытты мемлекет меншігіне қайтаруды да талап етуде.

Таңбалар: Қазфосфат зауытынаразылықТараз

Ұқсас мақалалар

Денсаулық сақтау министрі Таразда бірқатар мекеме жұмысымен танысты
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда бірқатар мекеме жұмысымен танысты

05.06.2026
АҚШ-та Трампқа наразылық білдірген мыңдаған адам көшеге шықты
Жаңалықтар

АҚШ-та Трампқа наразылық білдірген мыңдаған адам көшеге шықты

06.04.2025
Ыстанбұлда жүздеген мың адам наразылық қозғалысына шықты
Жаңалықтар

Ыстанбұлда жүздеген мың адам наразылық қозғалысына шықты

29.03.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist