Қордайда дұнғандар бүлік шығарып жатыр
ТАРАЗ. 7 ақпан. Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында тұратын дұңғандар түп көтеріліп, бүлік жасап жатқан көрінеді. Бұл туралы «ҚазТАГ» хабарлады.
Қазақстан дұнғандары ассоциациясының райысы Хусей Дауров дүрліккен жұрттың бақылаудан шығып кетіп, ешкімге ерік бермей бара жатқанын айтты.
«Полицияның мәлімдемесіне қарамастан, Масанчидегі жағдай бақылаудан шығып кетіп, нашарлап барады. Келген жастар селодағы 10-нан аса үйді отқа орады, қазір екі жақты атыс басталып кетті. Келгендер адамдарға қарай оқ атып, ұрып-соғып жатыр, оларға полиция ештеңе істей алмай отыр. Жұрт күштік құрылымдарды күтуде. Бірақ жағдай әзірге барынша нашарлап барады», – деді Дауров.
Қазақстан дұнғандары ассоциациясының басшысы Масанчи ауылымен іргелес Сортөбеде тұрады екен.
«Мен де таяққа жығылдым. Ауыл түгел отқа оранды. Үйлердің бәрі жануда. Ал күштік құрылымдар әлі жоқ. Сырттан келген содырлар жұрттың бәрін ұрды. Араларында құрбан болғандар да бар шығар. Олар қолдарына тигендердің бәрін жандырып жатыр», – деді ол тағы.
Жамбыл облысының Масанчи селосында болып жатқан бейбастақтық оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің пікірін білдірді. Ол жағдайдың қалыпқа түсіп келе жатқанын айта келіп, бұл оқиғаның арандатушылары да бар екенін ауызға алды.
«Жамбыл облысының Қордай ауданында бұзақылардың әрекетімен топтық төбелес орын алды. Мұны арандатушылар пайдалана қойды. Полиция жағдайды қалпына келтірді, қазір ол бақылауда тұр. Қоғамдық тәртіпті бұзған айыптылар жауапкершілікке тартылатын болады», деп жазды ол әдеттегідей өзінің Twitter-дегі парақшасында.