АҚШ Украинаға NASAMS және Aspide ракета кешендерін жеткізіп берді
КИЕВ. 7 қараша. Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников АҚШ-тың NASAMS және Aspide зенитті-ракета кешендерінің келіп жеткенін растады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Қараңыздар, олар келді! NASAMS және Aspide зенитті-ракета кешендері жетті», – деп жазды ол Twitter-де.
«Айтатыны жоқ, бұл қарулар украин армиясын айтарлықтай күшейте түсіп, біздің аспанымыздың қауіпсіздігін арттырады. Біз жаудың шабуыл жасаушы нысандарын осылармен құртып отыратын боламыз. Біздің Норвегия, Испания және АҚШ елдеріндегі әріптестерімізге рахмет!», – деп атап өтті Резников.
Еске сала кетейік, АҚШ Украинаға әуе шабуылына қарсы NASAMS жүйесінің сегізін беруге уәде еткен еді, солардың екеуі қазір келіп үлгерді, жақын арада олар іске қосылады. Қараша айында Испания Украинаға тағы да Aspide, Hawk жүйелері мен олардың снарядтарын әкеліп береді.