Риши Сунак ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі болды
ЛОНДОН. 25 қазан. Ұлыбританияның билеуші Консервативтік партиясының лидері Риши Сунак елдің премьер-министрі қызметіне кірісті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Сунак бұл қызметке Карл III бекіткеннен кейін келді. Ол корольден жаңа үкімет құрамын құрау жөнінде мандат алды. Аудиенция сейсенбі күні Букингем сарайында өтті.
Енді 42 жастағы Риши Сунак Даунинг-стриттегі премьер резиденциясына барып, Біріккен Корольдік тұрғындарына үндеу жариялайды. Ол 8 қыркүйек күні ЕлизаветаII қайтыс болғаннан кейін оның тағына отырған ұлы Карл III бекіткен біріншіт премьер-министр болып отыр.
Сунак 20 қазан күні өзінің экономикалық саясаты салдарынан Консервативтік партиядағы әріптестерінің наразылықтары өршіп кетуіне байланысты отставка жариялаған Лиз Тасстың Даунинг-Стриттегі орнына келіп отырды. Сөйтіп, бұрынғы премьер-министр өз орынтағында 44 күн ғана отырды.
Сунактың премьер-министр күрсісін алғаны дүйсенбі күні белгілі болып қалды. Сол күні оның бәсекелестері болып отырған эск-премьер Борис Джонсон мен Британия парламенті қауымдастықтар палатасының лидері Пенни Мордонт өз кандидатураларын алды.
Риши Сунак 1980 жылы 12 мамырда Саутгемптонда дәрігер отбасынла туған. Оның ата-анасы Үндістанның Пенджаб жерінен шыққан.