Украина Киевті соққылауға жауап ретінде Белгород пен Курскіні атқылады
КИЕВ. 18 қазан. Украина армиясы Киевке жасалған шабуылға Белгород және Курск облыстарын атқылаумен жауап қайтарды. The Moskow Times хабарлады.
«Украина Ресейдің шекарадағы өңірлерін атқылауды елдің энергетикалық инфрақұрылымдарына шабуыл жасаудан бастады», – делінген хабарламада.
Снарядтар Белгород ауданындағы селолардың біріндегі теміржол станциясына түсті, деп баяндады губернатор Вячеслав Гладков. Бір ер кісі жарақат алып қалған. Атқылау нәтижесінде темір жолдың бір бөлігіне зақым келіп, пойыз қатынасы тоқтап қалған.
Сол сияқты Гайвора қалалық округінің бірнеше селосы минометтен атқыланған. Мокрая Орлавкадағы сүт кешені территориясына шабуыл жасалған. Нәтижесінде Глотовта бір кісі жараланған. Снарядтар электр қуатын беретін екі желіні қиратып кеткен.
Курск облысының губернаторы Роман Старовойт өңірдегі Теткино кенті мен Попово-Лежачи селосының атқылау астында қалғанын айтты.