Әзербайжан құрамасы Қазақстанмен өтетін соңғы ойынын асыға күтіп отыр
БАКУ. 25 қыркүйек. Футболдан Әзербайжан құрамасы бүгін Ұлттар лигасындағы соңғы матчын Қазақстан командасымен өткізгелі тұр. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
«Футболдан Әзербайжан құрамасы бүгін, 25 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі шеңберінде соңғы матчын өткізеді», – делінген хабарламада.
Report хабарлағандай, Джанни Де Бьязи басқаратын команда С дивизионындағы 3-топтың VI турында Қазақстан құрамасын қабылдайды. «Далга Арена» кешенінде өтетін шайқас жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен 22:00) басталады. Кездесуге германиялық арбитр Харм Осмерс қазылық жасайды.
Футбол мамандары әзербайжандар құрамасының көптен бері қазақстандықтарды ұтып көрмегенін, сондықтан олардың бүгін сол олқылықтың орнын толтыруға қатты күш салатындарын алға тартады.
«Меймандар қазіргі сәтте 13 ұпаймен В лигасының тобы басында тұр, енді бір саты жоғары шығу үшін плей-офф ойындарын ойнайды. Әзербайжан құрамасы 7 ұпаймен екінші орында келеді», – делінген одан әрі.
Мұның алдындағы турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусьті ұтса, Әзербайжан терме жамағаты сырт алаңда Словакияны тізе бүктірген болатын. Екі матч та 2:1 есебімен жеңімпаздар пайдасына шешілді.
Матч сағат 21:50-де Kazsport арнасынан көрсетіледі.
Айта кетуіміз керек, бүгін сондай-ақ осы топтағы Словакия Беларусьті қабылдайды. Екі матч бір мезгілде басталады.