ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресейліктердің 76 пайызы Украинамен соғысты қолдайды – сауалдама

МӘСКЕУ. 2 қыркүйек.Тамыздың соңындағы сұрау салудың нәтижесіне ресейліктердің 76 пайызының Ресей армиясының Украинадағы басқыншылық соғысын қолдайтынын көрсетті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«2022 жылғы тамыздың аяғындағы ахуал бойынша, ресейліктердің 76 пайызы Ресей армиясының Украинаға қарсы жасап жатқан басқыншылық соғысын, олардың өздері басып алған аудандарда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатқандарын қолдайды», – делінген хабарламада.

Сауалдаманы «Левада-центр» 25-31 тамыз аралығында жүргізген. «РФ Қарулы күштерінің Украинадағы әрекеттеріне қолдау көрсету деңгейі жаз күндері өзгерген жоқ: Ресей қарулы күштерінің әоекеттерін «нақты қолдайындар» – 46%, «негізенен қолдайтындар» – 30%.. Ал «қолдамайтын» респонденттердің жиынтығы небәрі 17 пайызды құрайды.

Сауалдама бойынша РФ армиясының Украинадағы оккупациясын қолдайтындардың ең көп тобы орта жастағылар арасында барынша көп –  85%.

«Соғыс әрекеттерін жалғастыру қажет пе?» деген сауалға ресейліктердің тең жартысына жуығы (48%) «иә» деп жауап берген, бұлардан сәл азы – 44 пайыз адам бейбіт келісімге келуді жақтаған.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button