Шетелдік көліктер иелері шеруге шықты
АТЫРАУ. 19 қаңтар. Бүгін қаладағы «Аламан» базарының жанында шетелдік автокөліктері бар кісілер тобы наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.
Шеруге шығушыларды көліктері қырғызстандық және армениялық нөмірлермен жүрген жүргізушілер құрады. Олар биліктен сырттан әкелінген автомобильдерді тіркеу сомасын, кедендік баж салығын азайтуды талап етті.
Жиналғандарға Атырау облыстық жол полициясы әкімгершілік полициясы басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиев пен облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Жұсұлан Бисембаев автомобильді тіркеу ережесі туралы түсіндіріп берді.
«Мен өзім қараша айында Армениядан 7 мың долларға автокөлік әкелгенмін. Енді сонша ақшаны Қазақстанда да төлеуім керек. Бұл – нарықтық бағадан да көп. Менде ондай мүмкіндік жоқ. Билік пен құқық қорғау органдары заңға сілтейді. Әзірге бізге қатысты ештеңе жасалып жатқан жоқ, халықты тыныштандырылғылары келеді. Бірақ кейін мерзімі келген машиналарды алып қоя бастайды. Енді есептеп көріңіздер, Қазақстанда шамамен шетелдік нөмірлері бар 200 мың машина бар. Егер осыларда алынатын салықты 100 мың теңгеге дейін түсіргеннің өзінде 20 миллиард теңге жинап алуға болады. Бұл – аз ақша емес, бұған біздің Астрахань трассасын жөндеп шығуға болады», – деді бір көлік иесі.
Бейсенбі, 16 қаңтардан бастап мұндай стихиялы митингілер тағы Ақтау, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Жаңаөзен қалаларында болып өтті.