Қазақстан жеңіл атлетикадан тарихта бірінші рет алтын медаль алды (видео)
ОРИГОН. 21 шілде. Қазақстан спортшысы АҚШ-тың Оригон қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында бірінші рет алтын медальге қол жеткізді. Бұл туралы «Весь спорт» хабарлады.
Шілденің 20-нан 21-не қараған түні, жарыстың алтыншы күнінде әлем чемпионатында екі медальдар кешені сарапқа салынды, екеуі де әйелдер арасында өтті. Диск лақтыруда қытайлық Фэн Бин жеңіске жетті. Ал кедергілі 3000 метрге жүгіруде Қазастаннан келген Нора Джеруто алдына жан салмады, 2011 жылы 18 жастағылар арасында әлем чемпионы атанған ол 2022 жылғы 30 қаңтарға дейін Кенияның атынан жарыстарға қатысып, 2016 жыы Африка чемпионы, 2021 жылы «Бриллиант лигасының» жеңімпазы болған еді.
Бұл жолы Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан Нора Джеруто қашықтықты 8:53,02 минутта бағындырды.
Осылайша Қазақстан спорты өзінің тарихында бірінші рет жеңіл атлетикадан алтын медальге қол жеткізді.
Екінші және үшінші орындарды Эфиопия өкілдері Веркуха Гетачью (8:54,61) мен Мекидес Абебе (8:56,08) жеңіп алды. Сөйтіп, алғашқы үш жүлдегер де тарихта бірінші рет 9 минутқа жетпейтін уақыт ішінде мәреге жетті. Ал Нора Джеруто бұған қоса әлем рекордын жаңартты.
Жүлдегерлер тұғыры
Жеңіл атлетика. Әлем чемпионаты. Орегон (АҚШ), 21 шілде.
Әйелдер. 3000 м, кедергілі. 1. Нора Джеруто (Қазақстан) – 8.53,02 (әлем чемпионатының рекорды). 2. Веркуха Гетачью – 8.54,61. 3. Мекидес Абебе (екеуі де – Эфиопия) – 8.56,08.