Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Жапонияның бұрынғы премьері атып өлтірілгені расталды

ТОКИО. 8 шілде. Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ жұма күні өзіне жасалған қастандық салдарынан көз жұмды. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Жапонияда елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды. Жұма күні таңертең арқасына мылтықтан атылған екі оқ қадалғанда, Абэ елдің оңтүстігіндегі Нара қаласында сөз сөйлеп тұр еді», – делінген хабарламада.

Инцидент орын алған жерден түсірілген рәсімдерде экс-премьер ақ көйлегі қанға боялып жерде жатыр. Ол жедел жәрдемнің көмегімен жақын жердегі ауруханаға тез жеткізілген. Бірақ жергілікті сағат 17:03-те Синдзо Абэ алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Абэні аман алып қалуға күш салған дәрігер мұндағы медиктердің оның өмірі үшін қан ауғуын тоқтатуға тырысып, төрт жарым сағат күрескенін айтты. Пациентке 100 донор қанының пакеті жаратылған.

Билік бір оқтың Абэнің оң жақ мойнына тигенін, содан кеуде тұсында тері асты қан ағуы басталып кеткенін растады.

Жапонияның билеуші либералды-демократиялық партиясы өкілінің мәліметінше, Синдзо Абэ өзіне қарай оқ атылғаннан кейін жатқызылған Нара префектурасының ауруханасында қайтыс болған.

Аталмыш қылмысты жасаушыны құқық қорғаушылар көп кешіктірмей қолға түсірген. Ол полицейлерге өз жауаптарын бере бастады.

Қанқұйлы кісі өлтіруші бұрын елдің өзін өзі қорғау теңіз күштерінде қызмет еткен 41 жастағы Тэцуя Ямагами деген біреу болып шықты. Мұнда оның марқұмның арт жағында тұрғаны анықталды. Ол полицейлерге ешқандай қарсылық көрсетпеген.

Күдікті өзінің алғашқы жауаптарында бұрынғы премьердің саясатына риза болмағанын, сондықтан оны атқанын айтыпты. Сол сияқты Ямагамидің саясаткерді өзі қолдан жасаған қарумен атқаны белгілі болды.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button