Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Болгариядан қуылған ресейлік 70 дипломат Мәскеуге ұшып кетті

СОФИЯ. 4 шілде. Болгарияда тыңшылық әрекеттер жасап жүргендері үшін елден қуылған ресейлік 70 дипломат екі ұшақпен Мәскеуге ұшып шықты. Бұл туралы «Radio Bulgaria» хабарлады.

«Ресей Федерациясы елшілігінің нон грате тұлғалар болып жарияланған 70 дипломаты мен қызметерін әкету үшін София аэропортына ұшып келген ресейлік екі ұшақ Мәскеуге қарай сағат 15:00-тен және 15:30-да олардың жақындарын да алып ұшып кетті», – делінген хабарламада.

Болгариядан кетіп бара жатқан 180-нен астамның адамның көпшілігі журналистер алдында әлдене айтуға құлықсыздық танытты.

«Біз өз үкіметіміздің арқасында кетіп бара жатырмыз. Басқа түсіндірме бере алмаймыз», – деді олардың бірі.

Елден қуылып кетіп бара жатқан дипломаттар арасында Ресей Федерациясының Болгариядағы елшілігінің кеңесшісі Филипп Воскресенский де болды. Ол өзінің «заңсыз қуылып» бара жатқанын, Болгарияға қарсы жұмыс істемегенін, қайта екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға күш салғанын айтты.

Алайда, София әуежайынан кетіп бара жатқандардың ортасында Путиннің суреті жапсырылған жейделер киіп алғандар өте көп болып шықты.

Хабарланғандай, 70 адамның бәрі бірдей дипомат емес, олардың ішінде техникалық персонал да, аспаз да, жүргізушілер мен бағбандар да бар.

Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Болгария екі ел арасындағы қарым-қатынасты «минимумге, тіпті нөлге дейін түсірді» деп мәлімдеді.

Мұның алдында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Мәскеудің Болгариядағы Ресей елшілігін сақтап қалу не жабу мәселесін жуық арада шешетінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Болгария премьер-министрі Кирил Петков шпиондық әрекет еткендері үшін Ресей елшілігінің 70 қызметкері елден шығарылатынын жариялаған болатын.

Ресей өз кезегінде София жұма күннің кешіне дейін дипломаттарды елден қуу жөніндегі шешімін қайтып алмаса, мұндағы елшілікті жабатынын айтып, қорқытқан еді. РФ сондай-ақ «ассиметриялық жауап» қайтарылуы мүмкін екенін де білдірген.

Петкео Ресей ультиматумын қабыл алған жоқ. Ол Ресейдің әрекеттері қабылдауға келмейтін нәрселер екенін жеткізді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button