ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Үш облыстағы ауы райы жарияланды

АСТАНА. 16 қаңтар. Казгидромет Қызылорда, Қостанай облыстарындаға ертеңгі күнгі ауа райы жағдайына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с.

Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде – көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Астана қаласында 17 қаңтарда ара-тұра қар жауады, бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-25 м/с жетеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button