Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Шабдарбаев: Нұрқаділов пен Сәрсенбаевтың өліміне – билік жауапты

АЛМАТЫ. 21 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың өліміне билік жауапты. Бұл туралы Орда.kz хабарлады.

Ведомствоның бұрынғы басшысы Nege.kz сайтына сұхбат беріп, бірқатар шындықтың бетін ашқан. Ол Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірген қылмыскермен сөйлесіп, іске тереңдей бастағанда тоқтатқанын және қалай қоштасқанын, баласын қудалағанын айтты.

Шабдарбаев осыдан кейін қызметтен кеткенін баяндаған.

«2010 жылы Нұрсұлтан Әбішұлымен қоштасқан кезде бір-бірімізге ауыр сөздер айттық. Ол кісінің алдына арызымды лақтырып тастап, есігін теуіп кетіп қалғанмын. Маған: «Сені қаматамын!», – дегенде, мен оған: «Қолыңнан келсе, істеп көр», – дедім. Одан кейін баламды да қудалады. Бірақ қазір оны айтпаймын. Құлаған адамды жұдырықтайтын әдетім жоқ. Қазір ол кісіні бәрі табалап жатқан кезде оларға қосылып жамандасам, кім болғаным?», – деді ол.

Енді сол күндерге қайта оралайық. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Заманбек Нұрқаділов – 2005 жылғы 12 қарашада, Алтынбек Сәрсенбаев 2006 жылғы 11 ақпанда өлтірілді. Араларын тура үш ай уақыт бөліп жатыр. Бұл уақыттарда, яғни 11.12.2001-22.02.2006 жылдар аралығында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Нартай Дүтбаев басқарды. Ал Амангелді Шабдарбаев 02.03.2006-07.12.2009 жылдар ауқымында комитет тізгінін ұстады.

Демек, лауазымды қызметтен 2010 жылы емес, 2009 жылдың желтоқсан айының басында кеткен. Және «есікті теуіп» кете қоймаған, сол 7 желтоқсан күні-ақ президенттің кеңесшісі болып тағайындалған. Ал 2012 жылғы 23 қаңтарда Республикалық ұланға қолбасшы болып тағайындалған. Тек 2013 жылғы 7 нарурызда ғана жасының келуіне байланысты әскери қызметтен босатылған.

Ал Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың кісі қолынан қаза тапқандары ешқашан қоғам арасында күмән туғызған емес.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button