Антикор: Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ. 17 маусым. Бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев пен оның көмекшісінің үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Orda..kz хабарлады.
«Қаржы мониторингі агенттігі мен Aнтикор Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, Esentai City жобасының авторы Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі Ольганың сөздері бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламады.
Кәсіпкерге қатысты іс шынымен Болат Назарбаевтың бұйрығымен қозғалды ма, жоқ па, соны енді құқық қорғаушылар анықтайды.
Orda.kz мәнбесінің хабарлауынша, ҚМА және Aнтикор Әбдіғаппаровтың «AV-Construction» ЖШС-дегі 25 пайыздық үлесін рейдерлеу Елдос Қоспаевтың (оны Болат Назарбаевтың көмекшісі деп атайды), сондай-ақ Дастан Әбіджан, Тимур Танашев пен Дулат Ахмадиев жасағанын тексереді.
11 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Әбдіғаппаровтың бизнестегі үлесін рейдерлік жолмен тартып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны белгілі болды.
Алмас Әбдіғаппаровтың қамауда отырғанына бір жылға жуықтады. Ол өзі жетекшілерінің бірі болған компаниядан 420 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс «Есентай Ситидегі» қымбат вилланың сатылуына қатысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Әбдіғаппаров клиенттен ақшаны, дәлірек айтсақ, 840 миллион теңгені алғанымен, компанияның кассасына ақшаның жартысы ғана түскен.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Әбдіғаппаров қылмыстық істің Болат Назарбаевтың көмекшісі деп аталатын бизнес серіктесі Елдос Қоспаевтың тапсырысымен жүргізілгенін айтты. Ал қылмыстық қудалаудың мақсаты, оның айтуынша, оның бизнестегі үлесін рейдерлік жолмен тартып алу болған.