Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Тағы «тарихшы болып» кеткен Путин жер туралы кегін айтты

МӘСКЕУ. 9 маусым. РФ президенті Владимир Путин тағы өзін «тарихшы» етіп көрсеткісі келіп, «жерді қайтарып алу» жайлы күңкілін күңірсітті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

«Ресей президенті Владимир Путин өзінің еншісіне «территорияларды қайтарып алып, нығайту» тиіп отыр деген шешімге келді», – делінген хабарламада.

Кремль бұқаралық ақпарат құралдары Путиннің «Петр I. Империяның тууы» деген көрмені көргеннен кейін сөйлеген сөздерінен дәйектемелер келтірді.

«Ол (Петр І – ред.) құдды бір Швециямен соғысып, жерін беріп қойған секілденеді… Ештеңені де берген жоқ. Ол қайтарып алды… Батыс бағыттарға келсек, онда да солай болды… оның алғашқы жорықтарында. Неден қорқады? Қайтарып алып, нығайтты. Міне, оның істегені», – деп көсілді Кремльдің қожайыны.

«Біздің үлесімізге де қайтарып алып, нығайту түсіп отыр. Егер біз бұл базалық құндылықтар өзіміздің тіршілік етуіміздің негізі деп санайтын болсақ, онда, сөз жоқ, алдымызда тұрған бұл міндеттерді орындап шығар едік. Ресей КСРО-ның басып кеткен тырмасын байқамай басып қалмайды, оның экономикасы ашық болады», – деп ежіктеді ол содан соң.

Осы сөздері мен ниетінің өзі Путиннің түпкі мақсаты бұрын Ресей империясына қараған жерлердің бәрін қайтарып алу болып отырғанын аңғару қиын емес.

Біздің тағы қосатынымыз: Бірінші Петр алғашқы жорықтарында жеңіске жете алған жоқ. Ол 1695 жылы ең бірінші Азов теңізі үшін шайқасқа шығып, жеңіліп қайтты. Келесі, 1696 жылы Азов теңізі маңына тағы шабуыл жасады. Осы жолы аздаған жеңіске жетіп, Османлы империясын ығыстыра алды. Бірақ Қара теңіз түгелімен османлылар қолында қалып қойып, Азовтан ешқандай пайда таппады. Патша 1700 жылы Нарва түбінде шведтермен шайқасты. Осы ұрыста орыстар күйрей жеңілді. Осы жеңілістен кейін Петрдің армиясы 1724 жылға дейін есін жия  алмады. Содан кейін ғана біртіндеп көтеріле бастады.

Демек, «алғашқы соғыстарда» деген де мұның – сандырақ…

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button