18 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі соғысқа қарсылық ретінде қызметінен кетті

23 Мамыр 2022 20:00
- Әлеумет, Жаңалықтар
Чехия РФ-ның орнына БҰҰ-ның кеңесіне кірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖЕНЕВА. 23 мамыр. Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің қызметкері Борис Бондарев өз елінің Украинадағы соғысына наразылық ретінде отставкаға кетті. Бұл туралы «Медиазона» хабарлады.

Дипломат Путиннің бастаған соғысын тек украин халқына ғана емес, сонымен қатар Ресей халықтарына да қарсы жасалған зор қылмыс деп есептейді.

Ресейдің Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы тұрақты өкілдігінің қызметкері Борис Бондарев Украинадағы соғысқа байланысты өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейінгі дипломатиялық қызметі уақытында оған бірде-бір рет дәл қазіргідей өз елі мен жұмысы үшін ұялуға тура келмеген.

«Путин бастаған Украинаға, ал іс жүзінде бүкіл батыс әлеміне агрессиялық соғыс – тек украин халқына ғана емес, сонымен қатар, айтары жоқ, Ресей халқына да қарсы жасалып отырған ең ауыр қылмыс», – деп жазды ол өзінің LinkedIn әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің сайтындағы мәліметтерге сәйкес, Бондарев тұрақты өкілдікте кеңесші лауазымын атқарған. Оның сөзіне қарағанда, дипломатиялық жұмыста 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Өкінішке орай, осы 20 жыл бойына Сыртқы істер министрлігінде өтірік пен кәсіби біліксіздіктің деңгейі барлық уақытта тоқтаусыз өсумен болды», – деп ақтарылды дипломат.

Бондаревтің сөзінше, Ресей сыртқы істер министрлігі дипломатиядан гөрі «жалғандықтың ұрығын сеуіп, соғыс отын тұтандырып отырумен» көбірек айналысқан. «Ресейде сондықтан қазір бірде-бір шынайы одақтас ел қалған жоқ», – деп жазды ол РФ-ның агрессиялық саясатының залалын түсіндіре отырып.

«Мұндай соғысты бір ғана мақсатты – билік басында мәңгі қалуды, талғамсыз соғылған сарайларда шалқып өмір сүре беруді, тоннажы мен бағасы жағынан Ресейдің бүкіл Әскери-Теңіз флотымен теңесе алатын яхталарда жүзуді көздеген адам ғана ойлап табады. Осы үшін олар мыңдаған адамның өмірлерін қиып жіберуге дайын. Осы мақсат үшін қазірдің өзінде мыңдаған ресейліктер мен украиналықтар қаза тауып үлгерді», – деді ол.

Айтуынша, өзі бұған дейін мансабын өсіруді қалаған екен, бірақ қазір өзі үшін мемлекеттік қызметте қала беру Отанды сатумен бірдей нәрсе болып саналатындықтан, бұдан бас тартуына тура келеді.

Бондарев, бәлки, Ресейдің Украинадағы соғысқа байланысты отставкаға кетуге ұйғарым жасаған бірінші кадрлық дипломаты шығар.

Министрлік әзірге бұған байланысты түсіндірме берген жоқ.

Таңбалар: Борис БондаревБҰҰелшіотставка

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады
Жаңалықтар

АҚШ Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне қысым жасауын сынады

20.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist