Ресей енді 30 күнге дейін шабуылдай алмайды – Британия
ЛОНДОН. 15 мамыр. Британия билігі өз барлау қызметінің дерегіне сүйене отырып, Ресейдің енді 30 күнге дейін Донбастағы шабуылын қарқынды жүргізе алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Ресейдің Донбасқа шабуылы өзінің қарқынын жоғалтып алды, енді кемінде бір айға дейін оны қалпына келтіре алмайды, ал жүйедегі проблемалары арта береді», – делінген хабарламада.
Британия Қорғаныс министрлігі «бастапқыда аздаған жетістіктері» болғанымен, Ресей армиясының соңғы айларда Украина территориясының «айтарлықтай бөлігін жаулап ала алмағанын», мұның орнына «РФ әскерлерінің арып-ашудың жоғары деңгейін» ұстап тұрғанын атап көрсетті.
«Қазіргі таңда Ресей ақпан айында Украинаға шабуыл жасар алдында жинап алған жаяу әскерлерінің жауынгерлік күшінің үштен бір бөлігінен айрылып қалды», – деп баян етті Британия Қорғаныс министрлігі.
Сондықтан алдағы бір айға дейін оккупанттар белсенді жорық қимылдарына бара алмайды. Ресейдің соғыстағы шығындары жайлы бұрын мұндай жоғары деңгейден айылмаған еді.
Әскери ведомство сондай-ақ РФ әскерлерінің беспилотниктер мен көпірлік жабдықтардың көптеп жоғалуынан бұл тоқырау бұдан да ұзаққа созылып кетуі мүмкін екенін айтады.
«Бүкіл шиеленіс бойына ресейліктерге көпірлік жабдықтардың жетіспеушілігі олардың шабуыл маневрлерін баяулатып, қимылды шектеумен болды. Ресейдің тактикалық әрекеттер мен артиллерияны басқару үшін өмірлік маңызы бар БПЛА-лары украин ПВО-лары оңай шағылатын жаңғақ болып шықты», – деп баяндады британиялықтар.
«Дәл қазіргі жағдайда РФ-ның алдағы 30 күнге дейін Украинада қарқынды арттырып, ілгері жылжу екпінін күшейте қоюы қиын», – деп мәлімдеді британ барлауы.
Бұдан бұрын Ұлыбритания барлауы РФ-ның Херсондағы әрекеттерінің оның әбден тығырыққа тірелгенін көрсететінін баяндаған еді.