Қырым көпірі қиратылатыны жайлы сөз түбекті үрейге алдырды (видео)
КИЕВ. 1 мамыр. Белгілі қайраткер Игорь Гиркиннің Қырым көпірі қиратылатыны жайлы мәлімдемесінен кейін түбек тұрғындары арасын жаппай даурықпа үрей жайлады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Әлеуметтік желіде «ДХР» деп аталған аймақ содырларының Игорь Стрелков есімімен көбірек белгілі болған экс-командирі Игорь Гиркиннің мәлімдемесі қазір желіде қызу талқыланып жатыр. Ол Украинаның Қырым көпірін жарып жібере алатынын және бұған барлық мүмкіндігі бар екенін айтқан болатын», – делінген хабарламада.
Осыған сәйкес видеоны Гиркин бұдан бірнеше күн алдын жазып таратқан еді. Бұл қырымдықтар арасында бірден дүрлігісті үрей туғызды. Содан кейін олардың алдыңғы легі асығыс түрде түбектен кете бастады.
Коммент жазушылар Украина жасайтын шабуылдан қорыққаннан Қырымнан кетіп бара жатқандарын атап көрсетуде. Қырым тұрғындарына РФ президенті Владимир Путиннің әулекі парад үшін бұл жақтан әскери техникаларды Мәскеуге алдыртып жатқаны ұнамайды екен. Ал сол уақытта Украина Қарулы күштері Қырым түбегіне тұтқиылдан шабуыл жасаса қалай болады? «Өкінішке орай, оларға америкалықтар берген қарумен көпірді қирата салу түкке де тұрмайды, бұл енді – тек уақыттың еншісі ғана», – деп жазады бір желі қолданушы.
Қырымдықтар сондай-ақ украин әскерилері Мариуполь үшін кек қайтарады, сөйтіп, ешкімді де аямайды деп сескенеді. Сондықтан жергілікті тұрғындардың көпшілігі «мүмкіндік бар кезде кетіп қалу керек» деп есептейді.
Қырымда тұратын желі пайдаланушылар Ресейдің бұл соғыста жеңілгенін мойындап отыр, сол себепті олар Мәскеуге Киевпен келіссөз жүргізіп, Қырымды қайтарып беруді ұсынады. Кейбір комментаторлар бұған желеу ретінде РФ-ның өз уәделерінің бірде-бірін орындамағанын алға тартады. «2014 жылы біз өзімізді қорғауды бөдіретіне алған Ресей жағына шықтық. Ал қазір біз түбектен қашуға мәжбүр болып жатырмыз. Енді Ресей бізді тұрғын жаймен қамтамасыз етуге тиіс», – деп жазады олардың бірі.
Obozrevatel бұдан бұрын хабарлағандай, Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Қырым көпірін жойып жіберу сценариінің жүзеге асырылуы әбден мүмкін екенін, оның ешқандай қиындық туғызбайтынын, тек алға сондай мақсат қойылса жетіп жатқанын мәлімдеп еді. Ол нақты бір кезеңдегі мүддеге байланысты. Мысалы, Украинаның түстігіне шабуыл жасауға пайдалану үшін Қырым көпірінің үстімен түбекке қарай қару-жарақ әкеліне берсе, көпір арқылы келе жатқан колонна мен көпірді бірдей жойып жіберуге тура келеді.
Қырымдықтар АҚШ бастаған елдердің Украинаға қазіргі заманғы қару-жарақтың ең озық түрлерін берулері енді барған сайын көбейетініне, бұдан кейін Ресей армиясы оның тегеурініне төтеп бере алмайтынына сенімді. Бұдан кейін Украина тек күшейіп, Ресей керісінше тұралай түседі.