Бучада бейбіт жұртты қырған жауыздар біртіндеп анықтала бастады
КИЕВ. 30 сәуір. Буча қаласында бейбіт тұрғындарды азаптап, зорлап, өлтірген РФ әскери қызметкерлері бірнешеуінің есімдері белгілі болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова олар жайында Facebook-те жазды.
Оның айтуынша, Киев облысындағы Бучан қаласының округтік прокурорлары ондағы азамат тұрғындарға қорлық көрсетіп, азаптап, атып өлтірген алғашқы 10 қанышерді «судың бетіне шығаған». Олардың бәрі де – РФ Қарулы күштері бригадасының әскери қызметкерлері.
Халықаралық сотқа тартылуға тиісті сол жендеттердің арасында мыналар бар:
– кіші сержант Вячеслав Лаврентьев;
– қатардағы жауынгер Григорий Нарышкин;
– қатардағы жауынгер Василий Князев;
– ефрейтор Семен Мальцев;
– қатардағы жауынгер Сергей Пескарев;
– қатардағы жауынгер Альберт Раднаев;
– ефрейтор Михаил Кашин;
– ефрейтор Андрей Бизяев;
– ефрейтор Дмитрий Сергиенко;
– сержант Никита Акимов.
Аталған жендеттер Бучаны тонауға қатысқан. Енді олардың әрбірі қанша әйел зорлап, неше адамды өлтіргені анықталады.
«Тап осылар қарусыз бейбіт тұрғындарды кепілдікке алған, оларды аштан және шөлден қатырған, тізерлетіп отырғысып қойған, дәретке жібермеген, қолдарын арттарына қарата байлап, көздерін жауып қойып, тәлкіге айналдырған, қорлаған және ұрып-соққан», – деп жазды Венедиктова.