26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлия Назарбаева экологиялық ұйымдар басшылығынан кетті

28 Сәуір 2022 16:56
- Дәулет, Жаңалықтар
Әлия Назарбаева экологиялық ұйымдар басшылығынан кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 сәуір. Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумы жетекшілігінен кетті. Бұл жөнінде «Азаттық» хабарлады.

Аталған ұйымның басқарма төрайымы Айгүл Соловьева оның қаңтар айының соңында өкілетінен бас тартқанын айтқан.

«Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының президиумы жетекшісі өкілетінен бас тартты. Бұл қаңтар соңында болған. 4 ақпаннан бері қауымдастық мүшелерінің жалпы отырысын өткіздік» деді Соловьева.

Ақпанның басында оны президиум құрамынан шығару туралы шешім қабылданған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева 2017 жылдың қараша айынан бері қауымдастық президиумын басқарған. Ұйымның ресми сайтында қауымдастық экологиялық бастамаларды дамытумен айналысады деп жазылған.

Кейінгі кезде оның есімі бұқаралық ақпарат құралдарында утилизация алымын жинаумен айналысқан «Оператор РОП» компаниясына қатысты жиі аталған еді.

Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев утилизация алымын жинаумен жеке компания емес, мемлекеттік орган айналысуы керек деп мәлімдеп, аталған компанияны жабуды тапсырды. Артынша оның функциясы «Жасыл даму» акционерлік қоғамына жүктеліп, компанияның бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев «жемқорлықпен» ұсталды. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясына кейінгі 5 жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін, оның тиімді жұмсалмағанын айтып сынаған болатын.

19 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары мен «Оператор РОП» өкілдері 180 млрд теңге қаражатты жымқыруға тырысты, бұл қаражатты электр энергиясын өндіретін қалдық өртеумен айналысатын 6 зауыт құрылысы үшін жеке компанияларына аударуға талпынды» деп мәлімдеген.

Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президенттің жақындары мен туыстарының кейбірі қамалған, кейбірінің шетелде жүргені айтылады.

Қазір Әлия Назарбаеваның қайда екені белгісіз. Қаңтар айында жергілікті БАҚ оның соңғы жазбаларының бірін Біріккен Араб Әмірліктерінен жазғанын хабарлады.

Қаңтардың ортасында оның «күйеуі» Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» компаниясының басқарма бастығы қызметінен босатылған.

 

Таңбалар: Әлия Назарбаеваутилизацияэкология

Ұқсас мақалалар

Әлия Назарбаева Қарағандыдағы зауытын тәркілеуге тегеурінді қарсылық көрсетті
Жаңалықтар

Әлия Назарбаева Қарағандыдағы зауытын тәркілеуге тегеурінді қарсылық көрсетті

02.03.2024
Әлия Назарбаева бөгденің $170 млн тұратын активтерін тартып алған
Жаңалықтар

Әлия Назарбаева бөгденің $170 млн тұратын активтерін тартып алған

29.02.2024
«Назарбаева – Сатаев» тандеміне 400 млн теңгені қолды етті деген күдік таңылды
Жаңалықтар

«Назарбаева – Сатаев» тандеміне 400 млн теңгені қолды етті деген күдік таңылды

26.12.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist