25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлия Назарбаева Қарағандыдағы зауытын тәркілеуге тегеурінді қарсылық көрсетті

2 Наурыз 2024 14:09
- Жаңалықтар, Құқық
Әлия Назарбаева Қарағандыдағы зауытын тәркілеуге тегеурінді қарсылық көрсетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Байырғы президенттің еркетотайы Әлия Назарбаева Қарағанды жеріндегі кәсіпорны тәркіленуіне үзілді-кесілді жол бермей отыр. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әлия осы мақсатта кәсіпорынның күзеті әлеуетін күрт күрт күшейтіп, оның ішіне ешкімді кіргіздірмей қойған.

Дәлірегі, кенже қыздың еншісіндегі «Recycling Сompany» ЖШС зауытының мүліктерін түгендеу үшін келген сот орындаушыларын күзетшілер аулаға аттап қадам бастырмаған. Бұл зауыт Әлия ханымға тікелей қатысы бар «ӨКМ операторының» ісі бойынша мемлекет пайдасына тәркіленуге тиіс болған.

Қоғам белсендісі Жарқын Күреңтаевтың айтуынша, 2023 жылғы шілдеде Астана соты «ӨКМ операторының» топ-менеджерлеріне қатысты шығарған үкімге сәйкес, «Recycling Company» ЖШС есепшотындағы қаржы мен кәсіпорынның өзі мемлекет пайдасына тәркіленген. Зауыт Қарағанды ​​облысындағы «Доскей» ауылында орналасқан, ол ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысады.

Биыл ақпанның соңында аталмыш компанияға қатысты атқарушылық өндіріс басталды. Сот орындаушылары кәсіпорынға түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін келгенімен, қарулы күзетшілер олардың зауытқа кіруіне бірнеше күн бойы кедергі келтірген.

«Мемлекеттік сот орындаушылары мүлікті түгендеу және сот үкімінде көзделген басқа да қажетті қызметті жүзеге асыру үшін зауытқа кіре алмаған. Олардың айтуынша, Әлия Назарбаева ханым зауытта қауіпсіздікті күшейткен. Келушілердің заңды талаптарына қарамастан, күзетшілер оларды ішке кіргізбей қойды. Осыдан кейін сот орындаушылары прокуратурамен алдағы іс-әрекеттерін анықтау үшін Қарағандыға қайта оралды. Прокуратура өкілі жағдайды қарап шығуға уәде берді», – дейді Жарқын Күреңтаев.

Оның айтуынша, зауытты тәркілеуге нақты кімдердің кедергі келтіргені белгісіз. Бірақ ішке кіруге қатты қарсылық болғаны рас. Сондықтан сот орындаушылары келесі жолы зауытқа СОБР сарбаздарын ертіп келетін болып отыр, бұған прокуратура органдары ықпал жасауға уәде берген.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева мен оның өкілі Валентина Роговаға (Конституциялық кеңестің бұрынғы басшысы Игорь Роговтың әйелі) Валентина Роговаға 2003 жылы өзгенің мүлкін тартып алу мақсатында «рейдерлік шабуыл жасады» деген айып тағылған болатын.

Таңбалар: Әлия Назарбаевазауытсот орындаушыларытәркілеу

Ұқсас мақалалар

Аралда қымыраннан құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт пайдалануға берілді
Дәулет

Аралда қымыраннан құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт пайдалануға берілді

12.07.2026
Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу зауыты дрондар шабуылынан кейін жұмысын тоқтатты
Жаңалықтар

Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу зауыты дрондар шабуылынан кейін жұмысын тоқтатты

07.07.2026
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды
Дәулет

Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды

28.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist