Әлеумет

Дәрігерлер әріптестерін қорғауға шықты

Қазақстанның бір топ дәрігері ақтаулық балалар хирургі Насуқан Отарғазиевтің тап болып отырған жағдайына ашу-ыза білдіріп, оған қатысты істі қайта қарауды талап етіп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Маңғыстаулық дәрігердің қамауға алынуы қоғамды дүр сілкіндірді. Бұған, әсіресе, дәрігерлер қауымы қаттырақ араласты. Олар дәрігерге соттың қолданған жазасын әділ емес деп есептейді.
Жоғары санатты балалар хирургі Насуқан Отарғазиев соттың шешімімен уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған «Ұсақ бұзақылық» деген айып тағылды. Бұған дәрігердің өзіне облыстық балалар ауруханасына қабылдауға келген әйелмен сөзге келіп қалғаны себеп болған. Оқиға биылғы маусым айының ортасында орын алған. Немересін ертіп келген әйел өзінің кезек күтіп отырып қалғанына наразылық білдірген. Сол кезде Отарғазиев одан жұрттың дүрліктірмеуді өтінген. Осыдан кейін әйелдің дәрігердің үстінен шағым жасағаны белгілі болды. Арада бір ай өткенде, 19 шілдеде дәрігер сотқа шақырылған.
Ақтау қалалық әкімшілік сотының судьясы Сүйеуованың сөзіне қарағанда, сот отырысында дәрігер мен келушінің балалар ауруханасында ұрсысып жатқаны көрсетілген бейнежазба болыпты. Бірақ онда дыбыс болмаған. Ал қазы ханым үкім шығаруда шешуші рөлді «олардың қоғамдық орында көтеріңкі дауыспен сөйлескендері» атқарып кеткенін алға тартады.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов балалар дәрігеріне берілген жаза өте-мөте әділетсіз болып шыққан. Бұл жерде ұсақ бұзақылығы үшін әйелдің өзін әкімгершілік жауапқа тарту керек еді. Оған тек айыппұл салынған. Балалар дәрігері әйелге өзін операцияға жатуға тиісті пациенттің күтіп отырғанын түсіндірмекші болған көрінеді. Ол сонда да өзін алдымен қабылдауды айтып, дауласып тұрып алған.
Соттың шешімімен балалар хирургі Насуқан Отарғазиев бір күн қамауда отырып, бес ай бақылауда болу жазасына кесілген.
Белсенді Эля Алиева өзінің Facebook-тегі парақшасына осы оқиғаға байланысты дәрігерлер пікірлерін жариялаған. «Дәрігерлерді осыған жеткізді. Енді олар бір-бірлерін қорғауға мәжбүр, – деп жазады ол. – Бұрын доктор кәсібі жұрт арасында құрметке ие еді. Менің айналамдағы кейбір жастап мединститутқа түсуге қорқады, себебі, дәрігердің еңбегі бағаланбайды, оған алғыс айтылмайды, қайта соңғы кездері қауіпті болып кетті».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button