Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Алматыда бір мезгілде 14 көлік бір-бірімен соқтығысты

АЛМАТЫ. 31 наурыз. Алматыда 14 автокөлік бір мезгілде бір-бірімен соқтығысып қалды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.

Оқиға қаланың шығыс айналма тас жолында орын алған. Құдай сақтағанда, апат салдарынан зардап шеккен ешкім болмаған.

Басылым өзі ақпар алып отырған мәнбенің видеосында жол апатының болу себебі айтылмағанын жазады. Дегенмен, жолдың бойы көктайғақ болуы себепті жүргізушілердің тізгінге иелік ете алмай қалулары мүмкін екені алға тартылады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 автокөлікке әртүрлі мөлшерде залал келген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button