Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Украиндар Ресей әскерлері сапындағы армяндарды жойды
КИЕВ. 22 наурыз. Украина армиясы Ресей Қарулы күштері құрамында соғысып жүрген армян әскери қызметкерлерін жойып жіберді. Бұл туралы Sputnik Армения хабарлады.
Ақпарға сай, олардан аман қалып, қолға түскен 29 жасар десантшы Арман Казарян қалған армяндардың қаза тапқандарын айтты.
Айта кетейік, бұл армяндар Ресейде тұратын диаспораның өкілдері болып шықты. Путин бастаған Ресей басшылығы соғыстың алдыңғы легіне жергілікті орыстарды емес, негізінен Кавказ бен Дағыстанда тұратын ұлттар өкілдерін, татарлар мен башқұрттарды, қазақтар мен сахаларды, буряттар мен туваларды салды.