Жаңалықтар жаңғырығыРуханият
Нобель лауреаты украин босқындары үшін медалін сатпақшы
МИНСК. 22 наурыз. Ресейдің өткен жылдың соңында ғана Нобель сыйлығын алған журналисі, «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов украин босқындарына көмектесу үшін медалін аукционға шығарды. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.
Нобель лауреаты сыйлыққа алған медалін сатып, оның ақшасын украин босқындарына көмектесу қорына қосатынын айтты.
Муратов сондай-ақ Ресей агрессорларынан Украинадағы бассыз соғысты тоқтатуды, тұтқындар алмасуды, босқындарға қажетті жағдайды жасауды талап етті.
Журналист осы соғыс басталғаннан күннен Ресейдің басқыншылық әрекетін сынға алып, үндеу қабылдағандар қатарынан табылған болатын.