25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Кадыровшылар» Киев түбінде жүздеген сарбазынан айрылып қайтты

20 Наурыз 2022 18:00
- Аймақ, Жаңалықтар
«Кадыровшылар» Киев түбінде жүздеген сарбазынан айрылып қайтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 20 наурыз. Ресей армиясы құрамында Украинадағы соғысқа қатысып, жүздеген сарбазын оққа ұшырып алған «қадыровшылар» Грозныйға қайтып оралды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

«Кадыровшылар» атанып отырғандар – Шешенстанның ұлттық гвардиясы.

«Ресей Украинаға басып кірген алғашқы күндерден соғысқа шешен әскери қызметкерлері қатысып жатқаны жайлы айтылды. 26 ақпанда желіде Шешенстаннан болулары ықтимал әскери қызметкерлердің Гостемельдегі әскери бөлім ғимаратына Ресей туын тігіп жатқаны бейнеленетін видео тарады», – делінген хабарламада.

Ал 27 ақпанда Украинаға кірген Ресей гвардиясының Шешенстандағы 141-ші моторлы полкының командирі, генерал-майор Магомед Тушаевтың қаза тапқаны белгілі болды. Мұны осы бөлімшенің тұтқынға түскен сарбазы растап берді. Дерек бойынша, 26-28 ақпан күндері оққа ұшқан Кадыров жауынгерлерінің жалпы саны бірнеше жүзге жетеді.

4 наурызда Чернобыль аймағына Шешенстан ұлттық гвардиясының 1200-ге жуық жаңа жасағы келді. Оның құрамына «Север», «Юг» әскери батальондары мен «Ахмат-Грозный» ОМОН-ы кірді. Олар өз құрылымы лагерін Бордянка түбіндегі орманға құрды. Украин ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, осыдан кейін көп ұзамай лагерьде түнде оқ-дәрілер жарылып, жауынгерлердің бір бөлігі қырылып қалған.

Украина Жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисованың айтуынша, «кадыровшылар» Бордянкадағы сол мезетте 600 адамы бар психоневралогиялық интернатты басып алған.

Украина ұлттық қауіпсіздік қызметі барлаушыларының мәліметінше, «кадыровшылар» 13 наурызда Киев облысының территориясынан Беларусь арқылы әкетіліп, одан әрі әуе кемесімен өз елдеріне жеткізілген. Әскери бірлестік жеке құрамының аз күннің ішінде үлкен шығындарға ұшырауы мен тиімділігінің өте төмен болуы оның Ресей командованиесінің үмітін ақтай қоймағанын айғақтайды.

«Кадыровшылар» Грозныйға оралғаннан кейін жертөле баспанада аймақ басшысы Рамзан Кадыровтың қатысуымен кеңес өткен көрінеді.

Журналистер зерттеу барысында тағы мыналарды анықтады:

* Рамзан Кадыров Киевтің түбінде жүргені жөнінде қауесет таратқан кезде өзі шын мәнінде Грозныйда отырған;

* Рамзан Кадыровты өлтіретін адамға 100 мың доллар көлемінде сыйақы мен Киев түбіндегі үй белгіленді;

* Энергодарда «кадыровшылар» Запорожье АЭС-ін атқылап, станцияның қарусыз бірнеше қызметкерін атып өлтіріді;

* «Кадыровшылардың» Украина жеріндегі тағы бір міндеттері президент Зеленскийді өлтіру болды. Бірақ «элиталы жасақ» Киевтің маңайына бара алмай, өздері көп шығынға ұшырап кері қайтты.

* 1 наурыз күні Украина әскерилері «кадыровшылардың» бірінші толқынмен келген тобын жойып жіберді.

Таңбалар: кадыровшыларКиевсоғыс

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist