Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Атырауда заңсыз жүрген 120 Қытай азаматы қолға түсті
АТЫРАУ. 18 наурыз. Атырауда жергілікті мұнай компанияларында заңсыз жұмыс істеп жүрген 120 Қытай азаматы ұсталды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
Хабарланғанындай, Қытай азаматтары басында біздің елімізге визамен келген. Алайда, олардың мерзімі аяқталғаннан кейін де елдеріне қайтпай, осында жұмыс істеп жүре берген. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолдарына түспеуді ойлап, ұдайы жасырынып келген.
Заңсыз жүрген Қытай азаматтары «Мигрант» операциясы барысында қолға түсті.
Қазақстан аумағыда заңсыз жұмыс істеп жүргендер өз елдеріне қайтарылуға тиіс.