УЕФА Ресей футбол лигаларын ұйымның құрамынан шығарды
БЕРН. 5 наурыз. Еуропа футбол ассоциациясы (УЕФА) Ресей кәсіпқой лигасы мен Ұлттық футбол лигасын ұйымның құрамынан шығарып тастады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ресей кәсіпқой лигасы (ПФЛ) – Ресейдің премьер-лигасы мен бірінші лигасы командаларына чемпионаттарын ұйымдастырса, Ұлттық футбол лигасы (ФНЛ) төменгі лигалар біріншіліктеріне егелік етеді.
УЕФА-ның мұндай шешім шығаруына Ресейдің Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысы бірден-бір жалғыз себеп болды.
28 ақпанда Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол ассоциациясы (УЕФА) бірлескен шешім қабылдап, Ресейдің Украинадағы агрессиясына байланысты Ресей клубтары мен құрама командаларын халықаралық жарыстарға қатысудан шеттеткен болатын. 25 ақпанда УЕФА Чемпиондар лигасының 2021/22 маусымының биылғы 28 мамырда Санкт-Петербургте өтетін болып белгіленген финалдық матчын Парижге ауыстырып жіберді.
Енді Ресей футболы құрлық ассоциациясы сапынан шығарылып тасталып отыр. Бұдан былай оның өз елі ішінде өткізген қандай ойыны да халықаралық ұйымның есебіне алынбайды. Әлбетте, бірде-бір халықаралық кездесуге қатыса алмайды.
Осылайша Путин бастаған елді тағы бір халықаралық федерация өзінің құрамынан жоғарыдағы суреттегі өзі секілді теуіп шығарды.