УЕФА Ресей клубтарының бәрін еурокубоктардан шығарады
ЖЕНЕВА. 28 ақпан. Бүгін УЕФА-ның атқару комитеті өтіп, онда Ресей футбол клубтарын Еуропа кубоктарының жарыстарынан шығарып тастау мәселесі қаралады. Бұл туралы Meczyki басылымы хабарлады.
«Дүйсенбі, 28 ақпан күні УЕФА-ның Ресейдің барлық клубтарын өз эгидасымен өтетін жарыстардың бәрінен шығарып тастауды қарайтын атқару комитеті өтеді», – делінген хабарламада.
Басылымның баяндауынша, Еуропа футбол одағы мұндай шешімге Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін келіп отыр.
Мұнда УЕФА-ның вице-президенті, поляктың бұрынғы футболшысы Збигнев Бонектің мейлінше қатаң санкция салуға бастама көтеріп отырғаны айтылады.
Бұдан бөлек, УЕФА санкциясы өз кезегінде ФИФА-ның да мәселеге осы тұрғыдан келуге мәжбүр етеді. Мұның ақырында әлем футбол одағы Ресей құрамасын 2022 жылғы жаһан чемпионатының түйіспе матчынан шығарып тастауы мүмкін.
Кеше Польша құрамы 24 наурыз күні Мәскеуде Ресей құрамасымен ойналуға тиісті кездесуден бас тартатынын мәлімдеді. Мұндай бұлқынысты Швеция және Чехия құрамалары да білдірді.
Айта кетейік, 25 ақпан күні Халықаралық олимпиялық комитет барлық спорт федерацияларын Ресей мен Беларусь жерлерінде өтуге тиісті жарыстардың бәрін басқа елдерге көшіруге шақырған болатын.