Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Бас прокурорлықтан босатылған Ғизат Нұрдәулетов жаңа қызмет алды
АСТАНА. 25 ақпан. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылған Ғизат Нұрдәулетов жаңа қызметкен тағайындалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Ғизат Нұрдәулетов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымынан босатылды» деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.