Мектептер бағдарламасынан «Өзін-өзі тану» пәні алынады
АСТАНА. 17 ақпан. Қазақстан мектептерінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқу жылдарын бір жылға дейін қысқарту жоспарланып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
«Білім және ғылым министрлігі бұл тақырыпты алып тастау туралы ұсыныстар алды. Қазіргі таңда министрліктің Ұлттық білім академиясы мектепте оқуға міндетті осы пәнді келесі оқу жылынан бастап элективті пәндер санатына көшіру жобасын ұсынды. Қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» бұрынғыдай 1-11 сыныптар арасында емес, тек бір сыныпта ғана мектеп оқушыларының таңдау пәніне айналдыру жоспарлануда», – делінген хабарламада.
Министрлік «пәнді факультативтік пәндер тізбесіне көшіру бойынша бұл жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту шаралары аясында жүргізілетінін» қосты.
«Өзін-өзі тану» пәні «адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту жобасы» ретінде позицияланған. Жоба авторы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева болатын.