Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Гүлнара Каримованың 141 млн доллар ақшасы елге қайтарылады

ЖЕНЕВА. 17 ақпан. Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның Швейцарияда сақталған 141 млн доллар ұрлықы ақшасы елге қайтарылатын болды. Бұл туралы «Подробности.uz» сайты хабарлады.

«Швейцария мен Өзбекстан келіссөздер жүргізіп, Гүлнара Каримовадан тәркіленіп алынған ақша мен активтерді елге қайтару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының көп жақты трасттық қор құру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Қорды Швейцария, Өзбекстан және БҰҰ өкілдері басқарады деп жоспарлануда. Ол Швейцария мен Өзбекстан арасында қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін өз жұмысын бастайды.

Сондай-ақ трасттық қор Швейцарияда Кәрімоваға қарсы әлі жалғасып жатқан қылмыстық процестің бір бөлігі ретінде болашақта тәркіленуі мүмкін «кез келген активтерді» қайтару механизміне айналады.

«Қор Өзбекстанның Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге үлес қосады. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзбекстанға арналған тұрақты даму ынтымақтастығы негізіне (UNSDCF) сәйкес жобаларға ресурстар бөледі» деп атап өтті Әділет министрлігі.

Өзбекстанға Франциядан тағы 10 миллион доллардың активтері қайтарылған. Сондай-ақ Каримова мен оның сыбайластары АҚШ, Франция, Ресей және басқа елдерден алып кеткен қаражатты қайтару бойынша келіссөздер әлі жүріп жатыр. Министрлік қазір шамамен 131 миллион доллар қайтаруға дайын екенін атап өтті.

2015 жылы тамызда Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова бопсалау әрекеттері мен 2 миллиард долларға жуық салық төлеуден жалтару себептері үшін 10 жылға сотталып, кейін 5 жылға бас бостандығынан айрылды. 2020 жылдың наурыз айында Ташкент қалалық соты оны қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырды, бопсалау, ақша жымқырды, ақшаны жылыстатты деген айыптармен 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.

2020 жылдың ақпан айында Каримова Шавкат Мирзиеевке Швейцарияда бұғатталған 668 миллион долларды Өзбекстанға аударуды сұрап, оған қатысты істі жабуды сұраған болатын.

2020 жылдың мамыр айында Өзбекстанның әділет министрлігі мен бас прокуратурасы Каримоваданың Франциядан 10 миллион долларға тең активтерін қайтарды. Сол жылдың қыркүйек айында Швейцария мен Өзбекстан Каримованың ісі бойынша тәркіленген 131 миллион долларды қайтару туралы келісімге қол қойды.

2021 жылдың желтоқсанында Швейцарияның қылмыстық соты бұрын бұғатталған 70 миллион долларды Takilant Каримованың компаниясына қайтару туралы шешім шығарды. Өйткені тергеу бұл қаражаттың қылмыстық жолмен алынғанын растамады

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button