ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Түрікмен президенті басқаруды «жас басшыларға» беретінін айтты

АШХАБАД. 12 ақпан. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ел басқару тізгінін «жас басшыларға» беру ниеті бар екенін білдірді. Бұл туралы ТДХ хабарлады.

Әңгіме 11 ақпан күні Халк маслахатының елдің алдағы 30 жылдағы дамуы жоспарларын талқылауға арналған кезектен тыс отырысында айтылды.

ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігінің жазуынша, отырыс барысында президент Гурбангулы Бердымухамедов былай дейді:

«Мен Түрікменстан президенті деген жоғары және өте жауапты лауазымда 15 жыл жұмыс істеп келемін. Онымен бір мезгілде Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі төрағасының, Түрікменстан Қарулы Күштері Жоғары бас қолбасшысының, Түрікменстан Ұлттық кеңес – халк мәслахаты төрағасының міндеттерін атқарамын».

Мұның соңында мемлекет басшысы бұдан екі жыл бұрын Пайғамбар жасына жетіп, өзі үшін оңай тимейтін шешімге келгенін айтады.

«Мен еліміздің жаңа даму дәуіріндегі мемлекеттік басқару жолын рухани орта мен заманауи талаптарға сай білім алған жас көшбасшыларға беру идеясын қолдаймын. Мен осы бағыттағы орасан зор өмірлік және саяси тәжірибемді бұдан былай Халк маслахатының төрағасы ретінде жалғастыруды көздеп отырмын», деп баяндайды оны ТДХ.

Өз тарапымыздан айта кетейік, Гурбангулы Мяликгулыоглы Бердымухамедов 1957 жылы 29 маусымда Ашхабад шаһарында туған. 2007 жылдың 21 ақпанынан бері ел президенті болып келеді.

Түрікменше түпнұсқа:

Türkmenistanyň prezidenti dolandyryşy «ýaş ýolbaşçylara» geçirmegi göz öňünde tutýandygyny yglan etdi, onuň özi bolsa, Halk Maslahatynda galar

11-nji fewralda Halk Maslahatynyň adatdan daşary maslahaty wideýo şekilli geçdi we onda ýurdy geljek 30 ýylda ösdürmegiň meýilnamalaryna garaldy.

TDH döwlet täzelikler gullugynyň ýazmagyna görä, maslahatda eden çykyşynda prezident Berdimuhamedow şeýle diýdi:

«Men indi biregne 15 ýyl bäri iň ýokary we örän jogapkärli wezipede, Türkmenistanyň prezidenti bolup işleýärin. Şol bir wagtyň özünde, Ministrler Kabinetiniň başlygy, Döwlet Howpsuzlyk Geňeşiniň Başlygy,Türkmenistanyň Ýaragly Güýçleriniň Baş Serkerdebaşy, Türkmenistanyň Milli Geňeşiniň Halk Maslahatynyň başlygy».

Soňra onuň aýtmagyna görä, iki ýyl mundan owal Pygamber ýaşyna ýetdi we ýeňil bolmadyk karara geldi.

«Men biziň ýurdumyzyň täze ösüş eýýamynda döwlet dolandyryşyna barýan ýoly ruhy gurşawda we ýokary döwrebap talaplarda terbiýelenen ýaş ýolbaşçylara bermek baradaky pikiri goldaýaryn. Men özümiň uly durmuş we syýasy tejribämi mundan beýläk Halk Maslahatynyň başlygy hökmünde bu ugra gönükdirmegi göz öňünde tutýaryn» diýendigini TDH ýazýar.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button