АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Жаңаөзеннен көшіп келгендер Ақтауда әкімдікке баратын жолды жапты
АҚТАУ. 9 ақпан. Жаңаөзеннен көшіп келгендер мен көп балалы аналар Ақтауда Маңғыстау облыстық әкімдігіне баратын жолды жапты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Куәлардың айтуларынша, 9 ақпанға қараған түні жергілікті уақыт бойынша 22:35 сағатта Ақтауда көп балалы аналар мен Жаңаөзеннен көшіп келгендер облыстық әкімдік ғимаратына баратын жолды жабу акциясын өткізген.
Жиналғанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне жалдық тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселесін шешу туралы хаттың көшірмесін ұсынған.
Акцияға жалпы саны 15-ке жуық адам қатысқан.
Агенттікке арнайы жіберілген видеодан бірнеше полицей машинасы мен «жедел жәрдем» көлігі тұрғаны көрінеді.