Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесі құрамынан шығып қалды

МӘСКЕУ. 5 ақпан. Ресейдің «Газпромы» директорлар кеңесі құрамына Тимур Құлыбаевтың орнына Германияның экс-канцлері Герхард Шредер ұсынылды. Бұл туралы «РБК» хабарлады.

Бұдан алдын «Газпром» компаниясының диоректорлар кеңесіне Тимур Құлыбаевтың ұсынылғаны айтылған еді.

«Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер «Газпром» директорлар кеңесіне ұсынылды», – делінген хабарламада. Сонымен бірге оның Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаевтың жаңа тізімде жоқ екені айтылған.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 21 қаңтарда Ресей үкіметінің өкіміне сәйкес Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесіне мүшелікке кандидаттар құрамына енгізілгені хабарланған болатын. Бұған дейінгі жылдарда ол кеңес құрамында болып келген еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button