Күйеуінен көңілі қалған әйел оны аукционға салды
КАНБЕРРА. 4 ақпан. Жаңа Зеландияда тұратын ирланд келіншек балықшы күйеуін аукционға шығарды. Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Бұған аңшы әрі балықшы күйеудің мұны екі баласымен үйде қалдырып, өзі рахаттанып демалу үшін балық аулауға кетіп қалғаны себеп болыпты.
Линда Макалистер өзінің осыған байланысты жазған лот анықтамасында күйеуі Джонның «уақтылы тамақ пен шарап беріп тұрса, жұбайлық адалдықты» сақтайтынын атап көрсетіпті. Ол сонымен қатар Джонның өзіне таныс емес ортада «мазасыздануы мүмкін екенін, бірақ өзін қолына тез ала қоятынын» мәлімдепті.
Келіншек сондай-ақ зайыбының бойын, салмағын, жасын және дағдыларын тізіп беріпті. Ол Джонның ең сүйікті құмар нәрсесі аңға шығу мен балық аулау екенін айтуды да ұмытпаған.
Линда аукционға қойылған күйеуінің «ауыстырылып алуға және қайтарып беруге» жатпайтынын жазады. Демек, оны сатып алатын әйел орнына ешкімді ұсынуға тиісті емес, сосын сатып алғасын қайтарып та бере алмайды.
Линда мен Джон 2019 жылы Ирландияда ресми тіркеліпті. Олардың Райдер атты 6 жасар, Кольт есімді 4 жасар ұлдары бар.