Қазақстанның Украинадағы елшісі Қалетаев жақында қызметінен кетеді
АСТАНА. 26 қаңтар. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевтың қызметінен алынғалы жатқаны жайлы ақпар тарады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Агенттіктің Украинадағы тілшісі қолдан жасалған қайраткердің де басына бұлт үйірілгелі жатқанын жеткізді.
«Ол (Қалетаев – ҚазТАГ) әлі елші болып отыр, бірақ жақын аралықта бұл орынға кәсіби дипломат отыратын болады», – деп мәлімдеді ҚазТАГ редакциясына жағдаймен жақсы таныс мәнбе.
Дархан Қалетаев 2020 жылғы ақпанда Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды, сол жылдың қазанынан бүгінге дейін Молдовадағы елшілік лауазымын да қоса атқарып келеді. Ол әртүрлі жылдары «Самұрық-Қазына» қорының бастығы, Дін істері және азаматтық қоғам министрі, Қоғамдық даму министрі болды, сондай-ақ Премьер-министр кеңсесін басқарды. Ал елшілік қызметке ауысқанға дейін Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.