26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«РОП операторы» басшысы қашып бара жатқанында қолға түсті

26 Қаңтар 2022 11:33
- Жаңалықтар, Оқиға
«РОП операторы» басшысы қашып бара жатқанында қолға түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 қаңтар. Елордада «РОП операторы» ЖШС-ның басқарма төрағасы Медет Құрманғалиев шетелге ұшып кетпекші болып тұрған жерінен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы «Айқын» хабарлады.

Қазақстан қоғамында утилизациялық алымға қатысты наразылық соңғы жылдары қатты күшейіп кеткен еді. Биылғы қаңтардың 2-сінде бейбіт шеруге шыққан Маңғыстаудағы Жаңаөзен қаласы тұрғындарының дәсәуілге талаптары аяқ астынан күрт көтеріліп кеткен газ бағасын 50 теңгеге дейін түсіру болса, екінші және үшінші талаптары «Шал, кет!» деген саяси ұран мен осы утилизациялық алымды (мүлікті пайдалану салығы) алып тастау секілді тұрмыстық мәселелеерге ұласқан болатын.

Бір ғажабы, сол алымды сыпырыип-сиырып алып отырған «РОП операторы» деген жалмауыз құрылым Назарбаевтың кіші қызы Әлияның жеке меншігіндегі мекеме болып шықты.

Ал халықтың ашу-ызаға толы қатаң талабының орынды екенін пайымдамаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол бойда бұл проблеманың өзегіне өңіліп, «РОП операторына» қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге пәрмен берді. Артынан ол Үкіметтің қаулысымен өз жұмысын тоқтатты.

Міне, осы компанияның басшысы Медет Құрманғалиев өзіне шындап тықыр таянғанын сезсе керек, бөгде елге кетіп, бой тасалай тұрмаққа бекініпті. Бірақ бір өзі емес, қасында сыбайласы – Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің қызметкерлері сол жерде олардың екеуінің де қолына кісен салды.

«Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды» делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Бұдан былай үш министрлік бірлесіп, утилизациялық алым мәселесін шешеді.

PS. Осымен бір мезгілде «РОП операторы» ЖШС-ның  қаржы жөніндегі директоры Руслан Шәмшиевтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар тарап жатыр. Оның қандай жағдайда және нендей себептен қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Бұл оқиғаның алдыңғы екеудің ұсталуына қаншалықты қатысы бары да белгісіз. Тек оның 1978 жылы Қызылорда облысында туғаны ғана мәлім.

 

Таңбалар: Ахметжан ПірімқұловқамауМедет Құрманғалиевутилизация

Ұқсас мақалалар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды
Жаңалықтар

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды

15.05.2026
Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды
Әлеумет

Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды

13.02.2026
Orda.kz порталы Нұртілеу мен Гаджиевтің ұсталғандарын растады (видео)
Жаңалықтар

Orda.kz порталы Нұртілеу мен Гаджиевтің ұсталғандарын растады (видео)

05.09.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist