Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Еуропарламент Қазақстанға санкция салуға қарар қабылдады

СТРАСБУР. 21 қаңтар. Еуропарламент кеше кешке Қазақстанға қатысты қарар қабылдап, елге санкция салуға шақырды. Бұл туралы Forbes хабарлады.

Қазақстанға санкция салу жөніндегі қарарды Еуропарламенттің дауыс беруге қатысқан 671 депутатының 589-ы қолдады, 35-і қарсы шықты, 47 адам қалыс қалды.

Еуропа парламентінің депутаттары бейсенбі күні өткен пленарлық сессия барысында Қазақстанда қаңтар айының басында орын алған наразылық шерулері мен қақтығыстары мәселесін талқылады. Онда қазіргі тергеу жұмыстары халықаралық қоғам өкілдерінің қатысуы жайы көтерілді. Сонымен бірге осы оқиғалардың барысында орын алған адам құқықтарын бұзуларға орай Еуропа одағы шеңберінде қазақстандық шенеуніктердің бірқатарына санкция салуға шақырған қарар қабылданды.

Еуропа парламентінің қарары декларативті сипатта болады, оның орындалуы міндетті емес, алайда, ЕО мен Еуропа елдері оны әрдайым назарларында ұстап отыратын болады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл қарарға бірден жауап қайтарды. Онда Еуропа парламентінің мәселеге бір жақты және алдын ала алға қойылған міндеттер межесінде кеткені айтылады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button